Өңірде дзюдодан ересектер арасында халықаралық турнир өтті. Жарыс Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған. Сондай-ақ, шаһардың 155 жылдығына орайластырылған. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 280 спортшы келіп, бақ сынады. Жеңімпаздар 14 салмақ дәрежесі бойынша анықталды. Турнирдің құрметті қонағы ретінде 2000 жылғы Сидней олимпиадасының жүлдегері Ислам Байрамуков, Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев, белгілі спортшы Елдос Жұмаханов келіп қатысты.