Су тасқыны болған аудан, ауылдың балалары қалаға келді. Олар үш күн бойы осында болады. Балалар үшін арнайы бағдарламаны білім басқармасы, "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы жасады. "Талант тур-2024" танымдық жобасы аясында оқушылар тынығып, мәдени шараларға қатысып, қаланың көрікті жерлерін аралайды. Бәрі де қаладағы үш лицей-интернатқа орналасты.