Қала тазалығына немқұрайлы қараған Алматы ауданының тұрғындарына 638 мың теңге айыппұл салынды. Бұл 4 сәуірден бастап жүргізілген мониторингтің нәтижесі.

Ауданда санитарлық тазалау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мердігер мекемелер жүргіншілер жолын тазалап, аялдамаларды әктеуге кіріскен.