Су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге бір реттік әлеуметтік төлем беріліп жатыр. Бүгінге дейін облыс бойынша 1765 құжат қабылданып, оларға тиісті қаражат тағайындалды. 1706 отбасы бірреттік төлемдерін алып үлгерді. Қалған 59 отбасының құжаттары әлі қаралу үстінде. Біржолғы төлемді алу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша қалалық немесе аудандағы жұмыспен қамту бөлімдеріне хабарласуы қажет. Ақтөбе қаласы мен Әйтеке би ауданының тұрғындары үшін төлем сомасы — 300 мың теңге. Басқа аудандардың тұрғындары үшін – 100 АЕК мөлшерінде. Барлық құжат расталса, өтініш беруші біржолғы төлемді 3 жұмыс күні ішінде алады.