Былтыр көктемде әскер қатарына шақырылған бір топ ақтөбелік Отан алдындағы борышын өтеп келді. Алматыға кеткен 40 сарбаз аман-есен өңірге оралып, ата-анасымен қауышты. Оларды аймақ әскерилері мен Ауған соғысының ардагерлері Теміржол вокзалы алдынан күтіп алды. Әсерлі сәтті Нұрболат Қуантайұлы баяндап берсін.