Тасқыны кезінде су кірген үйлердің тізімі әлі нақтыланып жатыр. Бүгінгі дерекке сүйенсек, 761 үй бүлінген. Оның 9-ы құлаған. Сонымен бірге 10 әлеуметтік нысан да суда қалды. Көбі Қобда ауданында тіркеліп тұр. Бау-бақша ұжымындағы су басқан үйлер саны әзірге - 99. Өңірде барлығы 8 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Олардың кейбірі хабарламаға құлақ асып, өзі қауіпсіз жерге шықса, кейбірін төтенше жағдайлар қызметі, полиция мен әскерилер алып шықты. Бұл жұмыстарға 1200-ден астам адам жұмылдырылған. Айтып өтейік, бұған дейін өңір бойынша Қобда, Мұғалжар, Темір, Әйтеке би және Ойыл аудандары мен Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланды.