Сондай-ақ "Ақтөбе"-"Жеңіс" матчының билетінен түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккен адамдардың қажетіне жұмсалады. Айтып өтелік, ел чемпионатының 3-ші туры аясында өткен ойынға қос команда табиғи апаттан зардап шеккендерді қолдау мақсатында "Күшіміз бірлікте" деп жазылған жейдемен шыққан болатын. Аталған матчта ақ-қызылдар 3-0 есебімен жеңіске жетті. Самородов, Умаев және Ромеро соққан голдар Ақтөбеге 3 ұпай сыйлады