Негізгі Жаңалықтар МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНДАРДЫ АРАЛАДЫ



Өңірге Мәжіліс депутаттары келіп, көктемгі су тасқыны кезіндегі жағдаймен танысты. «AMANAT» фракциясының мүшелері Қазыбек Әлішев, Мақсат Толықбай алдымен Қобда ауданында болды. 


Ауданда шамамен 200-ден астам үй су астында қалған. Адамдары эвакуациялық орталықтарға жеткізіліп, ыстық тамақ және киім-кишекпен қамтылды. 


Қазір арнайы құрылған комиссия келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр. Мәжіліс депутаттары Темір және Мұғалжар аудандарындағы суға кеткен ауылдарға да барды. 

Бөлісу