Наурыз мерекесін әрбір ақтөбелік тойлайды. Ұлыстың ұлы күніне орай мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылмақ. Оған 500 мыңнан астам адам қатысады деген болжам бар. Алғашқысы 14-ші наурыз - Көрісу күні басталады. Ал 21-22 наурыз күндері орталық алаңмен қатар қаланың әр тұрғын алабында киіз үй тігіліп, концерт ұйымдастырылады.