Асық ойнаған азбайды. Өйткені бұл ойын сіздің тек қолыңызды ғана емес, аяқ, жалпы дене бітіміңіздің бәрін қимылдатып, шынықтырады. Тіпті, қазақ баласының есепке жүйріктігін осындай ұлттық ойындарымыз шыңдаған. Бір кездері ауыл, ауладағы ойын қазір қала оқушыларының да қызығушылығын арттырды. Олар ата-бабамыздан келе жатқан ойынды меңгеру үшін арнайы үйірмеге қатысады.