Қиын сәтте бір-біріне демеу болып, көмектескен ақтөбеліктерге облыс әкімі алғысын жеткізді. Олардың қатарында төтенше жағдайлар қызметімен қатар ақ халаттылар, полиция да бар. Сонымен бірге еріктілер де елеусіз қалмауы тиіс. Кәсіпкерлер де боранды күні жолда қалғандарға демеу болды.