Бүгін бұрқасын басылып, барлық бағытта жұмыстар қалыпқа келе бастады. Жарықсыз, сусыз отырған ағайынның мәселесі де біртіндеп шешілуде. Бұл үшін облыс көлемінде 35 бригада күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Дегенмен, әлі де көмек сұрап, қоңырау шалғандар азайған жоқ.