Қалада бес көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры қатты боран кезінде ұшып кеткен. Екі үй Әуе қалашығы ауданында орналаса, біреуі Қарғалы тұрғын алабында. Сонымен бірге Саяжай тұрғын үй кешенінде де осы жағдай тіркелді. Боран басылған соң бұл үйлердің шатырын құрылыс компаниялары қалпына келтіреді. Ал Бөкенбай батыр көшесіндегі тұрғын үйдің шатырын адамдар өз күшімен жөндеуі тиіс.