Облыста ат құлағы көрінбейтін ақтүтек боран соғып, жол қатынасы қиындады. Ауыл-аймақ түгілі қала ішіндегі көлік те, жаяу адам да әрең қозғалып жүр. Жол мамандары ақ ұлпаны аршып үлгере алмай әлек. Синоптиктердің сөзіне сүйенсек, табиғат алдағы күндері әлі де үстемдігін танытпақ.