Аймақ бойынша жолаушыларға 4 автобус мекемесі қызмет көрсетеді. Солардың бірі - "Qala Trans". Жақында мекеменің автопаркіне жаңа автобустар келді. Көліктің көбейгені халықтың ауданға такси бағасынан едәуір төмен жолақымен қатынауына жағдай жасады. Сонымен қатар, жүргізушілерге қадағалау күшейді.