Облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Руханият» көрме залында халық әулие деп атаған Нұрлепес Күмісбайұлының арнайы экспозициясы ашылды.

Сонымен бірге Сүлеймен сынықшы Қарабалаұлы, діни қайраткер, репрессия құрбаны Қадірберді ахун Есетұлы және оның ұлы Сражаддиннің жеке тұтынған заттары көрме қойылды.

Ашылу салтанатына «Руханият» клубының мүшелері мен өңірдің діни өкілдері, сынықшының ұрпақтары қатысты.

Жаңа экспозиция мен көрмені 10 наурызға дейін тамашалауға болады.