"Абат Байтақ" қорымындағы арапша жазулы ескерткіштер зерттелді. Сан алуан өрнектерімен ерекшеленетін құлпытастардағы жазулардың құпиясына қазақстандық ғалымдар ғана емес, шетелдік зерттеушілер де қызығушылық танытты. Жыл бойы жүргізілген жұмыс үш тілде жинақ болып жарық көрді.