Елімізде 1 наурыздан бастап өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталады. Жобаның негізгі мақсаты - жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту. Аталған жұмыстарды әр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Кадр комиссиясы жүзеге асырады.


Сондай-ақ, іріктеуге 35 жасқа дейінгі жоғары білімді жəне 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Ал іріктеуден өтіп, резервке алынғандар үшін мүмкіндіктер көп.