Жергілікті жолдарды күтіп ұстау үшін келер жылға 3 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бірақ өңірде қар тазалайтын техника тапшы. 250 арнайы көлік қажет болса, қазір оның 104-і ғана бар.
Биыл «ҚазАвтоЖол» компаниясы тағы 18 техниканы жалға аламыз деп отыр. Автомобиль жолдарының қысқы күтімі облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында айтылды.