Жаңа кадрлық ауыс-түйіс болды. Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы лауазымына Қайрат Райымқұлов тағайындалды. Ол бұған дейін облыстық мәслихат депутаты болды. Жоғары білімді маман Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі екені де белгілі.


Еңбек жолын Ақтөбе облыстық қаржы басқармасы ішкі бақылау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Кейін қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларында, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратында түрлі қызмет атқарды. Сонымен бірге кәсіпкерлік, қаржы басқармаларын басқарды. Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін де атқарды.