Ақтөбе топырағынан шыққан әнші, танымал сазгерлер Аймұрат Мәжікбаев пен Бекен Серікбаевты еске алу кеші өтті. Шараға жақындары, достары, әріптестері мен өнер сүйер қауым қатысты. Олар өңір мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосып, тарихын әнмен кестелеген өнер адамдары. Кеште сырлы әндері орындалып, ел білмейтін қырларынан естеліктер айтылды. .