Сондай-ақ, акция аясында жастарға арналған тренинг ұйымдастырылды. Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері жапа шеккендерге қайда бару, не істеу, қалай көмектесу керектігін айтты. "Бүгінде отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Алайда адамдар бұл туралы ашық айтпайды немесе айтуға қорқады. Бұл дұрыс емес" -деді мамандар. Жастарға зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін алдымен қалай қорғау керектігі айтылды.