Жыл басынан бері аймақта 452 өрт оқиғасы болды. Салдарынан материалдық шығын көлемі 278 млн теңгеден асқан. Соған қарамастан төтеншеліктер бұл көрсеткіштің былтырмен салыстырғанда 6 пайызға азайғанын айтады. Ал оқыс оқиғанын басым бөлігі жеке тұрғын үй секторы мен жатақханаларда орын алған.