Қаладағы білім ордаларының бірінде қызылша ауруына байланысты карантин жарияланды. Нөмірі 11-інші мектептің бір сыныбы оқшауланған. Білім ордасы басшысының айтуынша, бір баладан ауру табылған. Оның қызылшаға қарсы екпе алмағаны белгілі болып отыр. Науқаспен қарым-қатынаста болған балалардың барлығы тексерістен өткен. Бұл сыныптың балаларына өзге оқушылармен араласуға уақытша тыйым салынған. Қоңырау уақыттары да бөлек. Бұл шаралар 5-інші қазанға дейін жалғасады. Соңғы мәлімет бойынша, облыс аумағында 400-ге тарта адамнан індет анықталған