Жол - көлік апаты кезінде төрт адам көз жұмды. Оқиға Ақтөбе-Атырау тасжолының Мұғалжар ауданы Елек ауылы маңында болды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 39 жастағы жүргізуші жол құрылысы жүріп жатқан аумаққа кіріп кеткен. Салдарынан жабық учаскесідегі ауыр техникамен соқтығысты. Айтып өтейік, мерт болған адамдардың бәрі сол аумақта жұмыс істеп жүрген жолшылар. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.