Өзбекстанның Хива қаласында гір спортынан өтіп жатқан әлем чемпионатынан тағы бір жерлесіміз елге абыроймен оралды. Бұл жолы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев ауылынан шыққан спортшы Айтқали Балтабаев өңір қоржынына қола медаль салды. 63 келі салмақта өнер көрсеткен спортшы әлемнің әр түпкірінен келген алты спортшымен күш сынасты. Өзбекстан және Ресейден келген қарсыластарын шаң қаптырып, жеңіс тұғырынан көрінді