Өзбекстанның Хива қаласында өткен әлем чемпионатында Евгений Гончаров он үшінші рет жеңіс тұғырынан көрінді. 95 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша үздік шыққан ол гірді 113 рет көтерді.


Бұл спортшының 10 жылдан кейінгі кезекті жеңісі болды. Жарыс кезінде Ресей, АҚШ, Италия, Германия елдерінен келген спортшылар мықты қарсылас бола білді. Алайда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына тең келер ешкім болмады. Әлем чемпионын қала әкімі мен әріптестері, жанкүйерлері ерекше ықыласпен күтіп алды.