Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері өңірімізге іс-сапарлатып, Мәртөк және Қарғалы аудандарындағы «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу нәтижелерімен танысты. Бұл жолы - біздің өңір кездейсоқ таңдалған жоқ. Өйткені, аймақ аталмыш жобаны жүзеге асыру қарқынымен әзірге көшбасында.