Кеше еліміз 4 маусым - мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті. 1992 жылы тап осы күні тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Айтулы мереке біздің өңірде де ұлықталды. Орталық саябаққа жиналған көпшілік гимнді орындап, ту көтеру рәсіміне қатысты. Үш мыңдай адам бас қосқан мерекелік шара туралы әріптесім тарқатсын