Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының айырмашылығын қысқарту міндет. Қазір екі арадағы айырма - 15 пайыз. Ол үшін өңірде "Білім ал" жобасы іске асып жатыр. Яғни білікті ұстаздар онлайн сабақ береді.


Сондай-ақ әр ауданда бір мектеп тірек мектеп болады. Бұл «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында атқарылатын жұмыс. Өңірге «Білім беру саласын тұрақты дамыту» қоғамдық қорының директоры Данияр Тоқтарбаев келіп, 11 тірек мектеп жаңартылатынын жеткізді. Барлығы 350 пәндік бағыттағы және қосымша дағдылар кабинеті жабдықталады. 900 педагогті оқыту бойынша іс-шаралар өткізіледі. Жобаны іске асыру аясында 7900-ден астам оқушы қамтылады. Сонымен қатар, Назарбаев зияткерлік мектебі жоба серіктесі ретінде мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша ауқымды бағдарламаны өз міндетіне алды.