Ақын, журналист және мәдениет саласының ардагері Нұрлыбек Қалауов 70-ке толды. Мерейтойға орай облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында "Жырымен жанды емдеген" атты кездесу кеші өтті. Кеште ақынның өлеңдері оқылып, жас қаламгерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кеш қонақтары Нұрлыбек Қалауовтың сазгерлік қырын да атап өтті. Ақынның 40-қа жуық әні бар. Әдеби еңбектеріне келер болсақ, "Тамыры терең бәйтерек" кітабы және "Жетім қыз" , "Бетперде" пъесаларымен әдебиетсүйер қауым жақсы таныс. Кешке ақының баласы, достары да қатысты. Меймандар қатарында ақынның шәкірті Қайнар Алагөзов те болды