Жыл басынан бері балалардың қатысуымен 49 жол көлік оқиғасы болды. 51 адам жарақат алып, бір бала көз жұмды. Әйтседе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш айтарлықтай төмендеген. Жол сақшылары жасөспірімдерге қауіпсіздік ережелерін еске салатын жедел профилактикалық іс шараларды жиі өткізеді. Бұл жолы "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" атты шара республика көлемінде өтіп жатыр. Наурыздың 27-нен бастап, сәуірдің 10-на дейін жалғасады.