"Арайлы Ақтөбе" фольклорлық ансамблі Наурыз мерекесіне орай Берлин сахнасында қазақ әуендерін әуелетті. Облыс әкімі және Германиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен 15-17 наурыз аралығында кеш өткізіп, озық өнер үлгісін паш етті. Ұжым мүшелері ұлттық болмысымызды айшықтап тұратын шығармаларды неміс халқы жылы қабылдағанын айтады. Енді ансамбль жетекшісі, композитор Серік Закария Германиядағы сапардан абыроймен оралған ұжымымен бірге шығармашылық кеш өткізіп, ақтөбеліктерге керемет көңіл күй сыйлауды жоспарлап отыр. Концерт 28-ші наурызға жоспарланған