№43 балабақшада орналасқан 119-шы сайлау учаскесінде де белсенділік өте жоғары. Көппен бірге Тұрмановтар әулиеті де дауыс беруге келді. Ерлі-зайыпты Райгүл мен Қуандық бес бала тәрбиелеп отыр. Үлкені 10 жаста, кішісі 3 айлық. Райгүл Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі. Олармен бірге ата-аналары да келіп, таңдау жасады. " Бүгінгі сайлау – мемлекетіміздегі ең маңызды саяси кезең. Бұл шарадан ешкім қалыс қалмауы керек"- дейді жас отбасы.