Ақтөбеліктер аулаларында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әйтпесе дер кезінде күрелмеген қардан аулаға су толары анық. Алайда, қолға күрек алып, қар тазалауға жалғыз тұратын қариялардың қауқары жете бермейді. Сондықтан бүгін оларға еріктілер тобы көмекке барды.