Бүгін дүниежүзілік диета күні. Мамандардың сөзінше әр адам дұрыс тамақтануды әдетке айналдыруы керек. Дегенмен ұзақ уақыт ашығып жүруге де болмайды. Ағзасының жұмысын қалпына келтіремін деген жан арнайы маманның көмегіне жүгінгені абзал. Диетологтардың сөзінше, кез келген ауруды асқындырмаудың ең тиімді жолы - дұрыс тамақтану.