Аймақта наурыз мерекесін тойлау басталып кетті. Мәселен, сенбі күні жастар ресурстық орталығы, еріктілер және жастар ұйымдарының бастамасымен Сарқыт күні өтті. Тұрғындар арқан тартып, гір көтеріп, күш сынасты. Көрме ұйымдастырылып, көздің жауын алатын әшекейлер, ат әбзелдері, сүйек пен ағаштан шабылған бұйымдар сатылды.


Мерекенің "сарқыт" деп аталу себебі меймандар мейрамнан құрт-ірімшік, қазы-қарта алып, тума-туыстарына таратып беруінде. Аймағымызда наурыз мерекесіне жоспарланған басқа да ауқымды шаралар бар.