Ақтөбелік оқушылар халықаралық "Бала шабыты" байқауының театр бағыты бойынша бас жүлдесін иеленді. Алматыда өткен өнер сайысына өңірдің намысын қорғап, нөмірі 78-ші мектептің "Жанталас" актерлік мектебі барған болатын. Құрамында 30-ға жуық оқушысы бар үйірме алғаш рет бас бәйгені еншілеп тұрған жоқ. Өткен жылы да елордадан олжалы оралған. Жас актерлер Алаш арыстары туралы "Соңғы сөз" қойылымын сахналады.