Шетелдік көліктерді бір реттік науқан аясында тіркеу басталғанына 10 күн өтті. Бүгінге дейін 5 мыңға жуық өтініш келіп түссе, 3 мың көлік иесі "иә" деген жауап алды. Барлығы мыңнан аса жүргізуші көлігін заңдастырып, жаңа нөмір тақты.


Ал бүгіннен бастап тәртіп сақшылары қаланың әр аумағында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Темір жол вокзалындағы такси жүргізушілерінің көлік заңдастыруға қатысты сұрақтарына жауап беріп, талап, тәртібін түсіндірді