Биыл облыстың жолын жөндеуге және құрылысқа 41 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады. Бұл шамамен 770 шақырым жолды қалпына келтіруге жеткілікті сома.

Сөйтіп рекордтық көрсеткішке қол жетпек. Алға қойған жоспарды орындау үшін дайындық басталды. Мердігерлер қиыршық тас, құм-қиыршық тас қоспасы мен битум қорын жасақтап алады.

Жиналыстан кейін зауытқа барған өңір басшысы дайындық жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сапаға жауапты орталық та құрылыс жұмыстары кезінде тыным таппауы тиіс. Ал битум мәселесіне келер болсақ, өңірге 88 мың тоннадан астам қоспа қажет.

 Қоймаларда әзірге оның 11 мың тоннасы ғана сақталды.

Ендігі міндет - сол қоймаларының қуатын арттыру. Осы істі қолға алған компанияларға барынша қолдау көрсетіледі