Биыл тағы 12 ауылға газ тартылады. Олар Құмқұдық, Нұра, Аманкөл, Әлімбет, Қаратаусай, Байтұрасай, Мұғалжар, Жарық, Алтықарасу, Еңбекші, Екпетал және Құдықсай ауылдары. Нәтижесінде 843 мыңнан астам адам немесе халықтың 94,4 пайызы көгілдір отынмен қамтылмақ. Бұл туралы әкімдікте өткен жиында талқыланды.


Айта кетейік, «Бұқара-Орал» магистральды газ құбырынан бұруға арналған үшінші желі құрылысы да басты назарда. Жобаның жалпы құны - 43 млрд.теңгеден асады. Биыл құрылыс-монтаждау жұмыстарына бюджеттен 5 млрд теңгегег жуық қаржы бөлінген. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алулар рәсімі өтіп жатыр.