Елге креативті ойлай білетін жас мамандар керек. Сондықтан алдымен студенттерге жоба жасау, оны іске асыру тетігі оқытылды. Енді Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, облыстық білім басқармасы және қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы бірігіп, мектеп оқушыларына дәріс беруді бастамақ. Келісім бар. Үшжақты меморандумға қол қойды.