Қалада "НАЙЗА 48" аралас жекпе-жек кеші өтті. Қоныс спорт сарайындағы ауқымды шарада бірқатар ақтөбелік спортшы өнер көрсетті. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан , Ұлыбритания және Бразилиядан келген қатысушылар да кештің көркін келтірді. Айтып өтейік, бұл Ақтөбедегі спорт апталығының алғашқы шарасы.