Облыс әкімінің орынбасары қызметіне Гүлқасима Сүйінтаева тағайындалды. Президент әкімшілігінің келісімінен соң өңір басшысы Ералы Тоғжанов оны облыс активіне таныстырды. Айтып өтейік, Гүлқасима Сүйінтаева жаңа қызметке тағайындалмас бұрын экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болды. Басқармада төрт жыл бойы еңбек етті. Енді экономика, қаржы саласында мол қызметтік тәжірибесі бар маман облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоспақ. Облыс әкімі сенім білдіріп, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.