Ақтөбе облысында кәсіпкерлік саласының даму қарқыны жоғары. Қазір салада 75 мың адам тұрақты еңбек етеді.

Өткен жылмен салыстырғанда өсім 18 пайызға көп.

Мәселен, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылының тұрғындары шағын ғана іс бастап, үлкен табысқа жетуге болатынын дәлелдеп отыр.