Осы жылдың қазан айында ақтөбелік спортшы Нассау қаласында жастар арасында өткен дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының ішінде жалғыз марапат - қола медальді жеңіп алды. Бұл - Ақтөбе өңірінің дзюдодан жастар құрамасы тарихындағы алғашқы жүлде. Біріншілікке барлығы 79 елден келген 492 спортшы қатысты.
Өңір басшысы, сондай-ақ, спортшыға облыстық дзюдо федерациясы атынан 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақының сертификатын табыс етті. Өз кезегінде, Жанболат Бағытбергенов жылы лебізбен қабылдағандары үшін алғыс айтып, жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін әрі қарай да бар күшін салатынына уәде берді.