Жол апаты салдарынан 4 адам зардап шекті. 13-ші қаңтар күні Мәртөк-Ақтөбе бағытында келе жатқан жеңіл көлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып , «Форд Фокус» көлігіне келіп соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен 3 жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол ережесін бұзбауға және сақ болуға шақырады.