Ақтөбелік жекпе-жек шебері Әліби Ідіріс Ақтадауда өткен NFC тұжырымындағы титулдық жекпе-жегінде жеңіске жетті. Жеңімпаз белбеуімен Ақтөбеге оралған спортшыны әуежайдан бір топ жанкүйері мен туыстары қарсы алды. Қандыағаш қаласының тумасы кәсіби спортқа бір жарым жыл бұрын келген. Білікті бапкер Айбек Шоқпытовтың қоластында жаттығып, аз уақыт ішінде өз саламағында жеңімпаз атанып отыр. Еске салайық, Әлібидің қарсыласы Орал қаласының тәжрибелі спортшысы Аслан Өтеғалиев болды.