Суға батып бара жатқан баланы аман алып қалған жас құтқарушылар марапатталды. 17 және 15 жастағы қала тұрғындары бұл ерлігі үшін Төтенше жағдайлар министрінің атынан алғысқа ие болды. Бүгін оларға "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалі табыс етілді.