Негізгі Жаңалықтар Ер есімі - ел есінде

Ер есімі - ел есінде

Тау тұлғалар - мақтаныштарымыз. Шалқарлықтар ұйымдастырған рухани шара осылай аталды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында тарихи тұлғаларды танытуды мақсат еткен мұражай қызметкерлері Қарағұл батыр туралы деректерді зерттеген. Осы шарадан соң көпшілік аудан басшылығымен қатысуымен өткен озат спортшылармен кездесуде бас қосты.   

Аталған шараның мақсаты - елін, жерін жаудан қорғаған, батыр Қарағұл Қонақбайұлының өмірін насихаттап, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру. Тәрбиелік-танымдық мәні зор шараға ауданның депутаттары, еңбек ардагерлері, тарихшы ұстаздар, жастар қатысты. Музей жанындағы «Тарих-халық зердесі» ғылыми кеңесі Қарағұл батырдың есімін Шалқардың бір көшесіне беру туралы ұсынысты талқылады. 

Қарағұл Қонақбайұлы 1806-1890 жылдар аралығында өмір сүрген. Батыр Есет Көтібарұлының үзеңгілес серігі. Патшалы Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы күресте танылған. Өмірін халқының азаттық жолына арнаған баһадүр 1890 жылы Ұлы Борсық құмының бойында өмірден озады. Сүйегі Дамбар қыстағынан 10 шақырым жердегі Көкбұлаққа қойылған.

Осы шарадан соң, шалқарлықтар "Елдің атын ер шығарар" деп аталған спортшылармен кездесуге қатысты. Оған Абай Қуандықов, Ануар Даулетбаев, Мейірхан Елубаев сияқты жас жеңімпаздар шақырылды.  Аудан әкі Бауыржан Қаниев оларды жастарға үлгі етті. Алдағы уақытта олимпиада шыңын бағындыруына тілектестігін білдіріп, Алғыс хатпен және бағалы сыйлықтарымен марапаттады.

 

Бөлісу